
Тиісті заң қабылданса 102 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағын үй сатып алуға, денсаулық пен білімге жұмсай алады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты.
"Зейнетақы жинағын пайдалану жинақ сомасына байланысты. Адам зейнетке шыққанда шотында жеткілікті сома болуы тиіс. Халықаралық еңбек ұйымының талабы бойынша шотта
40% қалуы тиіс. Бұған жеткілікті сома 10-12 млн теңге. Мұндай адамдар саны бізде шамамен 102 мың", - деді Сапарбаев.
Сапарбаев бұған дейін БЖЗҚ-да 10 мтрлн теңге жиналғанын, бұл 9,6 млн қазақстандықтың салымы екенін айтқан еді. Әр салымшыға шамамен 1 млн теңге тиеселі.
Айта кетейік, Президент Тоқаев қыркүйек айындағы Жолдауы кезінде қазақстандықтардың зейнетақы жинағын пәтар мен білім алуға жұмсау мүмкіндігін қарастыруды айтқан еді.