ҚР аумағында жұмыс істейтін теле-операторлар халық саны 500-ден асатын әрбір елдімекендерге ұялы байланыс қызметін ұсынуы тиіс. Бұл LTE жүйесін орнату үшін байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті тарапынан қойылып отырған басты шарттың бірі деп хабарлайды kursiv.kz.
Операторлардың мәліметінше, Қазақстанда мұндай 800-ге жуық елдімекен бар. Осы аумақтарда ұялы байланыс жүйесі орнатылғаннан кейін ғана операторлар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап технологиялық бейтараптылық режимінде 4G қызметін пайдалана алады. Яғни компаниялар аталған сервиске қосымша жиілік іздемей-ақ осыған дейінгі жиіліктеріне қоса алады.
Барлық компаниялар 4G жүйесін дамыту үшін реттеуіш тарапынан қойылған шарттарға келісетіндігін мәлімдеді.
kursiv.kz-тің жазуынша, осыған дейін Beeline және Кселл байланыс операторлары Теле2 Қазақстан мен Altel-дің бірігуінің мүмкін екендігіне байланысты 4G-ге лицензия берілуді лоббилендіре бастаған. Altel-дің 4G-ге лицензия болуы оған біршама артықшылық береді. "Біріккен компанияның лицензия және жиілік тұрғысынан алғанда басымдығы болады", -дейді аталған компаниялардың өкілдерінің бірі. Дегенмен де, кейінірек Теле2 Қазақстан мен Altel арасындағы келісім-шарттың жалғаспайтындығы белгілі болды.
Енді қандай компания ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етеді деген бәсекелестік пайда болды. Алайда мобильді операторлардың өздері бұл міндеттің жауапкершілігін бәсекелестеріне артуға тырысады. Бұған елдімекендердің инфрақұрылымдардан алыс орналасуы себеп. Құрылғы, байланыс қосу, базалық станцияларды орналастыруға кеткен шығындарды жабу үшін қолданушылар санының аздығына байланысты табыс түспейді.
Операторлардың мәліметінше, әрбір 800 елдімекенге базалық станцияларды орнату 100 мың долларға түседі. Осы арқылы жалпы көлемі 80 млн доллар болмақ.
Осыған дейін 500-ден 1000-ға дейін адамдар орналасқан елдімекендерге жүйелерін орнатқан Beeline мен «Кселл» компаниялары біршама артықшылыққа ие болады. Сондықтан негізгі жауапкершілік Теле2 Қазақстан компаниясына түседі. Шығынды жүйелер орнату компанияның қаржылық жағдайына ықпал етпек. Айта кетсек, 2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша компания түсімі 294 млн-нан 399 млн-ға шведтік кронға дейін өсті. Бірақ EBITDA (2014 жылдың бірінші тоқсанында -1 млн швед кроны) және EBIT ( -50, -89 млн шведтік кронға) көрсеткіштері төмендеп кеткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024