Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теле2 Қазақтелекоммен қосылуына байланысты пікір білдірді

Теле2 Қазақтелекоммен қосылуына байланысты пікір білдірді

Осыған дейін "Қазақтелеком" басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев телекоммуникациялық компания Tele2 операторын "пайдалы болған кезде" сатып алады деп мәлімдеген еді. Tele2 Қазақстанның өндірістік даму бойынша директоры Даниэль Карпов бұл мәлімдемеге пікір білдірді деп жазады LS.

"Біз жауап ретінде де осыны айта аламыз. Tele2 пайдалы екендігін көргенде, Қазақтелекомды сатып алады. Біздің позицямыз өзгермейді, біде барлығы жақсы бағытта жұмыс істеуде, база дамып жатыр.Tele2 Mobile Telecom Service-тің 100 пайыз акциясына ие болған емес, біздің жергілікті акционерлеріміз бар. Оларға құнды қағаздардың 49 пайызы тиесілі. Бұл акциялар кімге өтеді, қалай бөлінеді бізді қызықтырмайды. Бақылау пакеті бізде және әзірге біздің стратегиямыз өзгермейді. Қазіргі бізге Қазақстан нарығын 100 пайыз қамтып алу қызық болып тұр", - деп атап өтті Д.Карпов. "Финам" инвестициялық холдингінің қаржылық сарапшысы Тимур Нығматуллиннің сөзінше, Tele2 Қазақстан операторының нарықтық құны 200-400 млн долларды құрайды. «Tele2 Kazakhstan және  Altel (Қазақтелеком) Қазақстанның ұялы байланыс нарығындағы үлесі көп емес. 2014 жылдың басында еліміздегі 27,5 млн абонеттің 2,8 млн-ы Tele2-ге, 1,3 млн-ы Altel-ге тиесілі болды. Қолданушыларының артық екендігін есептегенде Tele2-нің нарықтағы кәсібін тоқтатады деу сенімсіз. Егер келісім туралы қауесеттер рас болса, жаңа оператор нарықтағы 14,9 пайыздық үлеске ие болады және сапа жөнінен өзге операторлармен бәсекелестікке түсуге мүмкіндік береді ", - деп түсіндірді Т.Нығматуллин.

Похожие материалы