Бүгін Алматыда өткен брифингте "Теле2 Қазақстан" коммерциялық директоры Миндаугас Убартас Теле2 компаниясының жаңа троллинг коммуникациясын таныстырды деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
"Бұған дейін біз осындай коммуникацияларымызды көрсеттік. Көп адамның көңілінен шығып, олар клиент ретінде біздің қызметтерімізді пайдалана бастады. Біз сол кампаниямызды жалғастырып жатырмыз. Басты мақсатымыз - адамдарға таңдау бар екенін көрсету. Он жылдық тарихы бар компаниялар ғана бар, ештеңені өзгертуге болмайды деген пікірге қарсымыз. Біздің де компаниямыз бар екенін және біздің компания ең арзан бағаларды ұсынатынын білдіргіміз келеді", - деп жауап берді М.Убартас 7kun.kz тілшісінің осы коммуникацияның мақсатына қатысты қойған сауалына.
Компания коммерциялық директорының айтуынша, бұл троллинг коммуникациясы әзірше тест режимінде іске қосылды. Мақсатты аудиторияның пікірлері мен реакциясына байланысты кампания кеңеюі немесе тоқтатылуы мүмкін.
Сонымен қатар брифинг барысында "Теле2 Қазақстан" компаниясының 2015 жылдың І тоқсанындағы жұмысының нәтижелері таныстырылды. Бұл ақпаратпен мына жерден таныса аласыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024