Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Телеарнаға жарнама берушілер азайды

Телеарнаға жарнама берушілер азайды

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның жарнама нарығында телеарналар төмендеп, интернеттің үлесі артып келеді. Бұл туралы Tvzavr мен VI Digital бірлесіп өткізген видео жарнама конференциясында айтылды.

«Қазақстандағы видео жарнама нарығы 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 58 пайызға өсіп, 420 млн теңгені құрады», - деп атап өтті Қазақстан Vi Digital-дың бас директоры Виталий Савков.

2015 жылы Қазақстандағы видео жарнаманың жалпы көлемі 266 млн теңгені құраған. Мамандардың болжамы бойынша, биыл видео жарнама үлесі 72 пайызға өсіп, жалпы нарық көлемі 726 млн теңге болады.

«Видео жарнама – Қазақстанның медиа нарығындағы ең жылдам дамушы сегмент. Біз тіпті ең консервативті жарнама берушілердің де саны көбейгенін байқадық. Жарнама өнімдерінің дамуымен қатар, компаниялар да инвестициялауды арттырған», - дейді Виталий Савков.

Мысалы қазір баннерлерге қарағанда, видео жарнамаға сұраныс көп.

Сарапшылардың айтуынша, ТВ-бюджеттегі видео жарнама үлесі 2017 жылы 3,18 пайызды құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,97 пайызды көрсеткен. Жалпы ғаламтордағы жарнамаға 2016 жылы қазақстандық компаниялар 4,207 млрд теңге жұмсаған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп. 2016 жылы желідегі видео жарнама үшін ең көп қаржы жұмсаған күнделікті сұранысқа ие тауарлар шығаратын компаниялар. Олардың үлесі digital бюджетінің 45 пайызын құраған. «Ұялы операторлар мен телекоммуникациялар» категориясының үлесі – 13 пайыз, «жылжымайтын мүлік» - 11,4 пайыз, «авто» - 10,8 пайыз, «қаржылық қызметтер» - 10,6 пайызды көрсеткен. Ал «медицина мен денсаулық» саласындағы жарнама берушілер саны – 5,9 пайыз болды.

Похожие материалы