Телефонын қайтаруға тырысқаннан кейін қайтыс болды: туыстары дәрігерлерді кінәлауда
Алматы. 13 шілде. 7kun.kz – 23 жастағы Қайнар Біләл «Алтын Орда» базарында ұрланған телефонын қайтаруға тырысқаннан кейін қайтыс болды. Бірақ оның өліміне себепкер қарақшыдан бөлек, Қайнардың туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды 7kun.kz «Almaty» телеарнасына сілтеме жасап.
14 маусым күні Қайнар Біләл «Алтын Орда» базарында смартфонын сатып, сиыр сатып алмақшы болған.
«Ол жерде қандай да бір схема бар. Алдымен күйеуіме балалы әйел келіп, телефонды қайда сатуға болатынын білетінін айтты. Қайнар сол кезде бірдеңе дұрыс емес екенін сезінгенімен, смартфонды сатуға бел буғанын айтты. Сатып алмақ болағн адам телефонды көрейін деп қолына алып, кенет қашып кеткен. Күйеуім ұрыны қуып жеткенде, ол Қайнарды екі рет ұрған», – деді марқұмның әйелі Шынар Дәулетқызы.
Жанжал сәтін видеоға түсіріп алған куәгерлер ұрының қолында пышақ болғанын айтты.
«Егер біреу пышақпен қаруланған болса, ақыл-есі дұрыс қандай адам араласады?! Біз оның бет-әлпеті көрініп, әлеуметтік желілерде жазадан құтыла алмайтындай етіп видеоға түсірдік. Жанжалдан кейінгі күні полиция бізді жауап алуға шақырды, біз жағдайдың қалай болғанын айтып бердік», – деді оқиға куәгері.
Оқиғадан кейін қайнар көзі ісінген күйде үйіне келген Бір апта бойы оны бас ауруы мазаласа да, ол жедел жәрдем шақыруға асықпаған. Тек бас ауруы шыдатпастай болған кезде ғана ауруханаға жүгінген.
«Бір аптаға жуық уақыт бойы бізге жолдама берілмеді. Талғар ауруханасының дәрігерлері ауруды басатын дәрілер еккенімен, ота жасамады. Тіпті қалаға апару үшін бізге «жедел жәрдем» бермеді. Салғырттық танытқандары үшін оларды сотқа береміз», – дейді марқұмның анасы Патигүл Мұзартбекқызы.
Аурухана қызметкерлері бұл айыптарды негізсіз деп санайды. Дәрігерлердің айтуынша, олар қолдан келгеннің бәрін жасаған.
«Барлығы клиникалық хаттамаға сәйкес. Деконгестанттық терапия, антибиотикалық терапия алды. Талғар аудандық ауруханасында 6 күн жатты. Жағдайы қанағаттанарлық тұрақтанған соң келісім бойынша облыстық ауруханаға жіберілді. Жібергенде жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Талғар аудандық ауруханасы директорының орынбасары Бақыт Жәмеков.
Марқұмның туыстары дәрігерлер дұрыс емдегенде Қайнар тірі болар еді деп есептейді. Күдікті қазірдің өзінде қамауға алынған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Оның үстінен «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал ауыр соққыға жығып өлтірді деп күдікке ілінген Жамбыл облысының 28 жастағы азаматы қамауға алынды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұсталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024