Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Telegram-дағы бизнес туралы сіз білмейтін 15 арна

Telegram-дағы бизнес туралы сіз білмейтін 15 арна

Rusbase қызықты Telegram-арналары туралы жазды: мәселен, бұл арналар таңғы ас кезінде оқуға тұрарлық, содан кейін өзіңіздің қызығушылығыңызға қарай іздей аласыз. Бұл жолы «Бизнес-Рост»  арнасының авторы Григорий Павлиоти мен Rusbase-тің өтініші бойынша «Бизнес в Телеграм» оқыту курсы бастамасымен әлеуметтік желілердегі бизнестің дамуын түсінуге және жаңа жетістіктерге жетуге көмектесетін арналар туралы айтылады.

Не нәрсеге назар аудару керек

Телеграмдағы арналардың саны үнемі өсіп келеді, көптеген адамдар олардың ыңғайлығын және анонимді болуын бағалайды. Ресми каталог жоқ, сондықтан оқырмандар қызығушылық тудыратын арналарды өздері табады.

Мұнда екі нәрсені ескеру керек:

  • Түрлері бойынша арналар авторлық және тақырыптық болып бөлінеді.

Тақырыптық арналардың бұрынғысынша тәжірибелік құндылығы көп емес, өйткені олар көбінесе жарнамалық посттардан тұрады. Авторлық арналар әлдеқайда қызықты, өйткені олар аудиториямен белсенді өзара әрекеттеседі, бағалы тәжірибелерімен бөліседі, сандық емес, сапалы жұмыс істеуге тырысады.

  • Сапалы арналарда күнделікті жарияланымдардың саны, әдетте, күніне бір немесе екі хабар болуы керек.

Егер хабарлар жиі жарияланатын болса, онда ол абоненттерді шиеленістіреді немесе ақпарат жақсы сіңірілмей қалады.

Кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға көмектесетін және сіз білме         йтін қызықты арналар жиынтығын жасалды. Олардың әрқайсысы өзіндік қызығушылық тудырады және назар аударуға лайықты, таңдау өзіңізде.

  1. SelfMade ұрпағы

51 500 абонент

Оқырмандарға шынайы әңгімелер призмасы арқылы табысқа жетудің маңызды аспектілерін береді, ынталандырушы мақалалар, кәсіпкерлікті дамыту және авторлық ұстанымдар арқылы жетістікке жетудің маңызды аспектілері туралы ақпараттандыратын пайдалы авторлық блог. Арна іскерлік ортада қызықты нәрселер туралы айтып, абонентке өз бизнес жолын таңдауға көмектеседі. Арнада сипатталған барлық мысалдар мен жазылған жағдайлар нақты.

  1. Zdislav Group

50 600 абонент

«Book a day» рубрикасы арқылы, жоба авторы абоненттерге кәсiпкерлiк жөнiндегi танымал оқулықтардың мағынасын және түйiндi тезистерiн беруге тырысады. Жарияланған хабарламаларды оқығаннан немесе тыңдағаннан кейін, ұсынған кітапты оқып-үйреніп бастауды өзің шешесің. Жоба жаңа бастаған және қалыптасқан кәсіпкерлер үшін қызықты болуы мүмкін.

  1. Мектепте мұны үйретпейді (В школе этому не учат)

31600 абонент

Автор интернет-бизнесті жүргізудің қажетті дағдыларын дамытуға көмектеседі, әр жердегі жетістіктер туралы хабар береді және тиімділік, мұқияттық пен кәсібилікке үйретеді. Әлеуметтік желілердегі жобаларды құру және басқару бойынша белгілі тұлғалардың тапқан табыстары туралы қызықты мақалалар бар.

  1. Қалтаңыздағы бизнес (Бизнес в кармане)

11 800 абонент

Эдуард Стрельников - арнаның авторы және оның құрастырушысы. Instagram-дағы бизнестің алға жылжуы үшін керекті өмір салты мен құпияларды жариялайды. Ол салыстырмалы түрде жаңа функционалды ойларымен бөліседі, олар әлеуметтік желіде мерзімді түрде пайда болады. Сондай-ақ маңызды инста-жаңалықтарды жариялайды.

  1. Әлеуметтік бизнес (Социальный бизнес)

11 600 абонент

Арна пайдалы, өйткені ол мерзімді түрде маркетингтік бастамаларды, SMM индустриясының жаңалықтарын, мотивациялық мәтіндерді, сондай-ақ әлеуметтік желілерге жаңа өнімдерді енгізудің артықшылықтарын негіздейді. Мұнда сіз Telegram, Instagram, ВК, Facebook және басқа да желілерде ақша табу туралы көп мағлұмат ала аласыз.

  1. DNative-блог

11 000 абонент

Instagram - ғаламтордағы ең танымал және аудиториясы үлкен интернет кеңістігіндегі сайттардың бірі. Бұл автордың блогы Instagram-promotion тақырыбы туралы ақпаратты жариялайды, сондай-ақ конверсияны ұлғайту, парақшаның танымдылығын арттыру және адал аудиторияны тарту туралы ойлармен бөліседі.

  1. Хакнем

10 500 абонент

Жоба өзін-өзі дамыту тақырыбына арналған. Автор бұл бизнестің өсуінің басты шарты екенін көрсетеді. Арнада психологиялық сәттерді егжей-тегжейлі қарастырып, олардың бизнес үшін маңызы түсіндіріледі. Абоненттер ақпараттық мақалаларды күтеді және талқыланып жатқан әрбір тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеуден өткізеді.

  1. Контекстік жарнама (Контекстная реклама)

7 300 абонент

Жобаның авторы Татьяна Михайличенко үнемі оқырмандарымен «Яндекс.Директ» және Google Adwords контекстік жарнамалары туралы ақпаратпен бөліседі. Минималды инвестициямен интернетті пайдаланушылардан қалай жауап алуға болатыны туралы сипаттайды. Өнімнің (қызметтердің) ерекшеліктерін ескере отырып, жарнамалық кампания құру бойынша тәжірибеге негізделген кеңес береді.

  1. Бизнес-өсім (Бизнес-Рост)

7000 абонент

Бұл арнада бизнесті құру және дамыту туралы, сатылымдарды жүйелеу және табыстарды ұлғайту туралы, сондай-ақ, Telegram компаниясында бизнесті насихаттау туралы жарияланымдарды таба аласыз. Бизнесті автоматтандыруға арналған құралдар, сондай-ақ, Telegram-да басынан бастап бизнесті іске қосу мүмкіндіктері туралы айтылады.

  1. Youtube-тегі бизнес (Бизнес на Youtube)

5900 абонент

Арнада YouTube арналарын алға жылжыту туралы кеңестер, көріністер бойынша пайда табу, хостингтегі жеке парақшаңыздың дизайны туралы хабарламалар жарияланады. Автор бизнес істерімен бөліседі. Мұнда сіз YouTube туралы, оның жұмыс істеуі, алгоритмдері мен үрдістері туралы қызықты мәліметтерді ала аласыз. Барлық ескертулер мен мақалалар көрнекі мысалдар түрінде нақты қолдаулар, математикалық есептеулер және соңғы нәтижесі бар басылымдар түрінде мәлімет беріледі.

  1. Жеке бренд (Персональный бренд)

4 800 абонент

Бүгінгі кәсіпкерлік қызметте жеке бренд қаншалықты маңызды? Неге қажет? Бұл қандай артықшылықтар береді? Оны қалай жасауға және насихаттауға болады? Осы және басқа да сұрақтарға арнаның авторы жауап береді. Кейде абоненттер белгілі бір тақырып бойынша күнделікті пайдалы тапсырмалар алады.

  1. Беделді маркетинг (Репутационный маркетинг)

6 700 абонент

Жоба беделді маркетингтің заманауи және тиімді құралдарымен таныстырады. Оның авторы - «Ребус» компаниясының негізін қалаушы Андрей Железнов. Арнада компанияның қажетті беделін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жұмыс әдістері сипатталады. Сіз түрлі бизнес-модельдерде қолдануға болатын көптеген практикалық ақпаратты таба аласыз

  1. Мәтін | SMM стратегия (Контент|SMM стратегия)

4 600 абонент

Арнада SMM-ның алға жылжуы туралы мәліметтер, әлеуметтік желілерде топтарды ілгерілету әдістеріне, оңтайландыру құралдарына және маркетингтік қадамдарға арналған хабарламалар жарияланады. Мұнда оқырман қызықты мақалаларды, автордың сараптамалық шолуларын, жаңалықтарды, саладағы үрдістерді, статистикалық көрсеткіштерді және математикалық есептеулерді күтеді.

  1. Кузнецов LIVE

3500 абонент

Бизнестегі шабыт маңызды рөл атқарады. Ол басқа кәсіпкерлердің жетістіктерімен және жобалардың қаржылық жетістіктерімен танысу барысында туады. Каналдың авторы оқырмандарды жеке және кәсіпкерлік өмір туралы әңгімелерді жариялау арқылы ынталандырады. Ол іс жүзінде қолдануға болатын кеңес береді.

  1. Money Channel

3,400 абонент

Арна оқырмандары қаржылық сауаттыққа, ақшалай жайлылыққа және тиісті басымдықтарға қол жеткізуге пайдалы бизнес-контент алады. Автор өз өмірінің жарқын мысалдарын, нұсқаулы әңгімелерді, сирек кездесетін кітаптардан дәйексөздерді жариялау арқылы өз ойларын жеткізеді.

Похожие материалы