Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Telegram Мессенджері AppStore қосымшалар дүкеніне қайта қосылды. Бұл жөнінде Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров Twitter-дегі парақшасында жазды.
Өткенде Telegram AppStore қосымшалар дүкенінен алынып тасталды. Алғашында, Дуров оған болмашы мәселе ретінде қараған болатын. Кейіннен, ол Apple-дің Telegram-ға қолайсыз контент туралы ескерту жасағанын білген. Дәл осы себеппен қосымшаны AppStore-дан алып тастаған. Дегенмен, Telegram қорғаныс орнатқан сәтте, интернет-дүкенге қайта қосылады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!