Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-маусым аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тасымалы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7% жоғарылады. Жалпы жүк тиеу көлемі 123 миллион тоннаны құрады, деп хабарлайды abctv.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтемемен.
Оның ішінде қаңтар-маусым аралығында астық тасымалы 5,6 миллион тоннаны құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 46 пайызға жоғары көрсеткіш. Маусымда 770 мың тонна астық тасымалданды. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30% жоғары. Оның 540 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 44 пайыз жоғары болып отыр.
Осы аралықта көмір тасымалдау 49 миллион тонна болды. Құрылыс материалдарын тасымалдау көлемі 9,8 миллион тоннаны құрап, өсімі 27 пайызға жетті.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағымен 1861 контейнерлік пойыздар өткен. Қытайдан Еуропаға қарай контейнерлік пойыз өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көбейген. Кері қарайғы бағдарға транзиттік тасымал көлемі 1,6 есеге өскен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024