Қарағанды облысы. 16 тамыз. 7kun.kz – Теміртауда бес қабаттың үйде газ жарылып, екі пәтердің арасында қабат опырылып түсті. Төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар депаратментінің мәліметінше, оқиға бүгін күндіз Металлургтер даңғылы, 5/2 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болған.
«Газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан үшінші және төртінші қабаттар арасындағы №30, 34 пәтерлер мен екінші және үшінші қабаттар арасындағы №26, 30 пәтерлерде еден аралық опырылған. Үш пәтерге зақым келген», – делінген хабарламада.
Жарылыс болған кіреберістің барлық 53 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 7 бала бар. Үш тұрғын мен 1989 жылы туған бір пәтер иесі зардап шегіп, олар Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды.
Оқиға орнында облыстық департаменттің 22 қызметкері мен 7 техникасы жұмыс істеуде. Жедел штаб құрылды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024