Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — «Қазақстан темір жолы» АҚ 8 айдағы жүк тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Жыл басынан бері барлық негізгі жүк түрлерін тиеу көлемі 14,4 пайызға артса, оның ішінде астық пен ұн өнімдері 17 пайызға өскен. Астық пен ұн өнімдері Орталық Азия, Ауғанстан, Ресей, Иранға жөнелтілген. Экспорттық тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14 пайызға өсті. Қырғызстан (29%), Қытай (24%) және Ресей (15%) теміржолдарының әлеуетін пайдалану арқылы экспортқа шығарылған жүктер көлемі де көбейген.
2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда импорттық бағдардағы жүктер көлемі де 24 пайызға өсті. Көршілес елдермен шекаралық Қытай (33%), Ресей (23%), Өзбекстан (16%) теміржол өткелдері арқылы да жүк тасымалы өскен.
Биылғы жылдың 8 айында Қытай-Еуропа-Қытай бағдарында контейнерлік пойыздар саны екі есеге артты. Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 1,5 есеге артса, кері қарай тасымал көлемі екі есеге көбейді.
Компания қосымша жүктерді тарту мақсатында Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктерге тарифтік жеңілдіктер жасауда. Оның ішінде қара металл, тыңайтқыш, мақта, қант қызылшасы, кен өнімдері, түсті металл, жеміс-жидек пен мұнай өнімдеріне жеңілдік қарастырылған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024