Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz – Отандық теміржолшылар жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында ірі көмір кендері өкілдерінің қатысуымен жылу беру маусымында көмірді тоқтаусыз тасымалдау туралы кеңес өткізілген.
Жиында мәлім болғандай биылғы 7 айда «Қазақстан темір жолы» желілерінде 56 млн тонна жүк тиелген. Оның 4,5 млн тоннасы коммунальды-тұрмыстық мақсатқа бағытталған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жоғары.
«Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Мұқтар Жамбыловтың хабарлауынша, жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалданбақ. Оның 71,9 млн тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 млн тоннасы экспортқа жіберіледі. Аталған көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5%-ға көп.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай жиындар өңірлерде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсат – көмір жеткізу кестесі мен жоспарын 4-ші тоқсаннан 2-ші және 3-ші тоқсандарға бөлу. Мәселен, биыл Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының әкімдіктерінде күзгі маусымда жеткізілетін көмір жазғы маусымға қайта бөлініп, тамыздың соңына дейін Жылу орталықтарының нормативтік қорын сақтаудың жолы қарастырылған.
Биылғы жеті айда көмір кендерінің кіре берістерінде вагон айналымының орташа нормасы 11,7 сағат болса, іс жүзінде 24,2 сағатқа созылған. Осылайша, жыл басынан бері вагон айналымы нормасы орындалмауы салдарынан 70 мыңнан вагоннан астам жүк тиеу ресурсы жоғалған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024