Ұлттық валюта 1 АҚШ доллары үшін 445-455 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Мұндай болжамды AERO Beta LLP бас директоры Ғалымжан Айтқазин берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сарапшының айтуынша, осы аптаның басынан бері валюталық сауда-саттықта теңге бағамының ныңаюына негізінен Ресей рублінің нығаюы әсер етті. Алайда, мұнай бағасы екіұшты болды.
Мәселен, 29 наурыздағы Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аясында Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеді (барреліне 110,9 долларға дейін). Ал болашақта қақтығыс тоқтап, нарықтағы мұнайға сұраныс артады деп күтілуде.
"Рубль Мәскеудің қолдауына байланысты нығая бастады (29 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша $85,2). Атап айтқанда, Ресейде валюталық түсімнің 80%-на дейін міндетті сату енгізіліп, интервенциялар жүргізілуде. Сол секілді Қазақстанда да валюталық түсімнің бір бөлігін сату енгізілді. Бұл сөзсіз ұлттық валютаға қолдау көрсетеді", – деді ол.
Сонымен қатар, Айтқазин Ресей мен Украина арасындағы Түркиядағы келіссөздер біршама ілгері ықпал әкелгеніне қарамастан, қақтығыстың толық шешілуі туралы айту әлі ерте екенін айтты.
"Қазіргі таңда рубльдің ықпалымен теңге әлі де 445-455 деңгейіне дейін нығаюы мүмкін. Алайда, одан әрі жағдайын болжау мүмкін емес», –деді Ғалымжан Айтқазин.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024