Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова теңге бағамының долларға шаққандағы әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді.
Ол Ұлттық Банктің жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және айырбастау бағамының «толқуы» туындаған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізе алатындығын атап өтті. Алайда, М. Әбілқасымова шектеулерге қатысты сұрақтарға жауап беруге қиналды.
Ұлттық банк өкілінің айтуынша, 3 маусымда қаржыреттеуіші кезекті болжамдық раунд өткізіп, базалық мөлшерлемені бқрынғы - 9% деңгейінде белгіледі. Бұл ретте, төраға орынбасары, доллар бағамының теңгеге қатысты өсуін әлемдегі мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырды.
"Қалыптасқан іргелі факторларды есепке ала отырып, бүгінгі күні Ұлттық валютаның еркін өзгермелі режимі аясында айырбас бағамының белгілі бір қозғалысы болып отыр деп айта аламын. Бұл, ең алдымен, мұнай бағасының өзгеруіне байланысты. Соңғы аптада әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда-саттықтың қарсыласуы аясында әлемдік нарықтарда Brent маркалы шикі мұнай бағасының құлдырауы байқалды, және, әрине, көптеген дамушы нарықтардың валюталары сәйкесінше әрекет етті … Өткен аптада мұнайдың бағасы 9 долларға төмендеді және режим нығайту жағына да, әлсіреу жағына да өзгеруі мүмкін", - деді Мадина Әбілқасымова.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024