Төлем балансы тұрақтанған кезде тәуелділік жойылады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистерге теңгенің рубль бағамына тәуелдігі қашан жойылатыны туралы айтып берді.
"Болады. Төлем балансы тұрақтанған кезде, экспорт операциясы мен ағымдағы шот импорт операциясын жабады. Яғни, валюталық түсімдер, өндірістік сектор бойынша, экспорт бойынша түсім айтарлықтай көлемде түсетін болады", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен қатар, қазір Үкімет үлкен бағдарламаны жүзеге асыруда. Оның ішінде импортты алмастыру, яғни еліміз аз импорт сатып алып, ел ішінде көбірек өнім шығару көзделген.
"Өндірілген өнім есебінен экспорттық кіріс аламыз. Әрине, валюталық ағын елді қамтитын болады", - деді министр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024