Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,73 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (377,21 теңге/$1) ұлттық валюта 0,52 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,40 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,98 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 22 млн 140 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 60.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378,8 теңге, Алматыда – 379,9 теңге.
Ұлттық Банктің 24 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 377,33 теңгені құрайды.