Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгенің нығаюына не әсер етті?

Теңгенің нығаюына не әсер етті?

Бүгін қор биржасындағы сауда-саттық теңгенің құны нығайып, 1$/430 деңгейінен түсті. Қазір 428,70-429,20 аралығында  саудалануда, орташа алғанда кешегі сауда-саттықтың орташа бағамынан 2,2 теңгеге нығайды. Бұған не әсер етті? ҚР Ұлттық банкінің түсіндіруінше нығаюға себеп - әлемдік қаржы нарықтарындағы қолайлы жағдай орын алуда.

Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментінің өкілі – Мұхтар Орманның айтуынша сыртқы нарықта жағдайдың оң болуына бірнеше жаңалық әсер етті.

Алдымен Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниялардың коронавирустан вакцинаны әзірлеудегі жетістіктері туралы жаңалықтар әлемдік қор нарықтарындағы тәуекел-сентиментке қолдау көрсетті.

Екі компанияның вакцинаға жүргізілген зерттеуі 90%-дық тиімділікті көрсетті, ол COVID-19-бен күрестің ұзақ мерзімді келешегіне қатысты оптимизм үшін негіз болды. Бұл жаңалық нарықтарды «жасыл аймаққа» айналдырды.

Дүйсенбіде Brent маркалы мұнайға баға белгілеу жұма күнгі жабумен салыстырғанда мұнай өнімдеріне сұраныс ұлғаюына қатысты оптимизм аясында бір баррель үшін $42,4  дейін рекордтық 7,5%-ға өсті. Сауда-саттық барысында мұнай бағасы бір баррель үшін 43,48-ға долларға жетті немесе 10%-ға өсті.

Алайда, дүйсенбіде кешке күрт өскеннен кейін, бүгін Азия сессиясында мұнай бағасы АҚШ пен Еуропадағы ауырғандар саны өсуіне және Pfizer және BioNTech вакцинасын қолданудың нақты мүмкіндіктері, сипаттамалары мен жылдамдығына байланысты түзетулер енгізілуде.

АҚШ-тың негізгі қор индекстері де аптаны өсумен ашқан. S&P500 ауқымды нарық индексі 1,2%-ға, ал Dow Jones 2,9%-ға өсіп, тарихи рекордтарды жаңартты. Нарықтар президенттік сайлаудың қорытындысын талдауда және нарыққа COVID-19-ға қарсы вакцинаның сәтті сынақтары туралы жаңалықтар белсенді әсер етуде. Жапонияның 225 жетекші компаниясы акцияларының баға белгілеулерінің серпінін көрсететін Nikkei индексі 25100-ден астам тармақ деңгейіне дейін өсті.

Инвесторлар жаңадан сайланған президент Дж. Байденнің әкімшілігі неғұрлым болжамды сыртқы саясат жүргізуі және тарифтік конфронтацияға немесе Қытаймен қарым-қатынаста шиеленістің күтпеген ушығуына бейім болмауы мүмкін деп күтуде.

Осы жаңалықтар қор нарығына, ол өз кезегінде дамушы елдердің валюталарына да әсер еттіТүрік лирасы – 5,3%-ға, Оңтүстік Африка ранды және Ресей рублі – 1,4%-ға, Мексика песосы – 1,3%-ға, Индонезия рупиясы – 1,0%-ға өсті.

Теңгенің бүгінгі құны артуына да себеп осы. Айта кетейік теңгенің айырбастау бағамы сыртқы факторларға сәйкес қалыптасады, олардың арасында мұнай бағасы мен әлемдік нарықтардағы «ралли» деп аталатын факторлар негізгі болып табылады.

Похожие материалы