
Алматы. 19 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 363,61 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (370,48 теңге / $1) ұлттық валюта 6,87 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 361,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 366 теңге, жабылу курсы бір долларға 362,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 33 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 69.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 365,9 теңге, Алматыда – 365,5 теңге.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025