Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tengri Bank акционерлеріне 129 млн теңгеге дивиденд төледі

Tengri Bank акционерлеріне 129 млн теңгеге дивиденд төледі

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — 2019 жылғы 30 мамырда өткен "Tengri Bank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, банк жалпы сомасы 129 650 855 теңгеге дивидендтерді төлеуді жүзеге асырды, бұл дивидендтердің есептелген сомасының 99,98%-ын құрайды.

2018 қаржы жылындағы банк қызметінің қорытындылары бойынша дивидендтер "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ ұсынған банк акционерлерінің тізімінде көрсетілген акционерлерге төленді. Есептелген дивидендтердің жалпы сомасы 129 676 580 теңгені құрады. Дивидендтерді төлеудің нақты күні 2019 жылдың 9 шілдесі болды.

2016 жылдан бастап банк алынған пайданың бір бөлігін өз акционерлеріне тұрақты негізде төлейді. 2016 жылы банк дивидендтерге табысының 45%-ын, 2017 жылы – 40% жіберді.

Абсолюттік мәнде дивидендтердің мөлшері 2 есе өсті. Дивидендтердің төленбеген бөлігін Банк бекітілген даму стратегиясына сәйкес бизнесті дамытуға бағыттады.

Похожие материалы