Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы 11 маусымда Нью-Дели қаласында (Үндістан Республикасы), Punjab National Bank ірі акционері өкілдерінің және қазақстандық және шетелдік инвесторлар тобының қатысуымен «Tengri Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) Директорлар кеңесінің бір ауыздан қабылданған шешімімен Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасының құрамына өзгерістер енгізілді.
Сонымен, бұрын Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған және банктің ірі акционері – Punjab National Bank мүддесін ұсынушы Динеш Кумар банк басқармасының төрағасы болып сайланды.
Динеш Кумар мырза өзінің банктік карьерасын 1986 жылы бастаған. Үндістан Банкирлер институтының сертификатталған мүшесі болып табылады. Әр жылдары Punjab National Bank (Үндістан Республикасы) басшы қызметтерін атқарған, оның ішінде Үндістанның түрлі өңірлерінде ірі филиалдарды басқарған. 2016 жылғы ақпан айынан бастап «Tengri Bank» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі лауазымын атқарды.
Өз кезегінде, бұрын банк басқармасының төрағасы лауазымын атқарған Ержан Блокович Шайкенов өз жұмысын Банк Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде жалғастыратын болады.
Басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі болып, бұрын қаржы директоры лауазымын атқарған Мұхтар Асқарұлы Беққали тағайындалды.