Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 22 қазандағы шешіміне сәйкес Гатредди Бабуджи "Tengri Bank" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.
Гатредди Бабуджи басқарма төрағасының орынбасары қызметіне 2019 жылғы 14 қарашадан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға тиісті рұқсат алғаннан кейін кірісті.
Айта кетейік, Гатредди Бабужи 1991 жылы Үндістанның Андхра университетінің жаратылыстану факультетін бакалавр дәрежесімен бітірді. Банктегі мансабын 2004 жылы Punjab National Bank (PNB) қызметкері лауазымынан бастаған. Сондай-ақ, ол 2006 жылдан бастап Үнді банк және қаржы институтының мүшесі. Өзінің жұмысы барысында Гатредди Бабужи Үндістандағы PNB-нің әртүрлі филиалдарында қызмет атқарды. Гатредди Бабуджидің Қазақстанда жұмыс істегеніне бірнеше жыл болды - 2017 жылдың сәуірінен бастап Акционерлер үшін есептілік департаментінде және банктің астаналық филиалының шетелдік клиенттермен жұмыс істеу бөлімінде басшылық позицияларды атқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024