Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tengri Bank ХҚЕС бойынша активтерді 10,7%-ға арттырды

Tengri Bank ХҚЕС бойынша активтерді 10,7%-ға арттырды
Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - Қазақстан-Tengri Bank 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында активтерді 10,7% - ға, 135,929 млрд теңгеге дейін арттырды . Бұл ҚЕХС бойынша банктің аудиттелмеген қаржылық есептілігінде көрсетілген  деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Банк міндеттемелері 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 12,2%-ға, 111,582 млрд теңгеге дейін, жеке капитал  4%-ға, 24,349 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Ал жарғылық капитал  өзгермей, 22 млрд теңгені құрады. Қаңтар-қыркүйекте таза пайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 есе өсіп, 2,978 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде таза пайыздық табыс 2 есеге артып, 5,683 млрд теңгені құрады, таза пайыздық емес табыс 2 есеге, 2,467 млрд теңгеге дейін өсті. Операциялық кіріс 2,2 есе өсіп, 8,15 млрд теңгеге дейін жетті. "Tengri Bank" АҚ акционерлері: Punjab National bank (Үндістан) - 49% және жеке тұлғалар: А. Алимов - 8,85%, А. Қуанышева - 9%, Р. Рахимов - 7,29%, М. Ыдырыс - 9,07% болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, Tengri Bank 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  актив көлемі бойынша 28 қазақстандық банктердің арасында 20-орынға ие болды.

Похожие материалы