Қазақстан. 2 маусым. 7kun.kz – Tengri Bank төрағасы Динеш Кумарға іздеу жарияланды. Ол бұған дейін Үндістанның ең ірі Пенджаб Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды 7kun.kz.
2020 жылдың қарашасында Алматының тергеу соты «TengriBank» АҚ Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жәдіковті, басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясовты және олардың бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Назгүл Жылқыбаеваны қамауға алуды санкциялады. Антикордың айтуынша, олар жалған құжаттармен қайтармау мақсатында 3 миллион доллар несие алған. Олар жалпы көлемі 5,4 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды.
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-тің банктік және өзге де операцияларды орындау және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырды. Бұдан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға кепілдік өтемақы төленетінін хабарлады.
Өткен жылдың 5 қарашасында Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты банкті тарату туралы шешім шығарған.
2021 жылдың ақпанында Tengri Bank басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024