"Tengri Travelsystem" ЖШС-нің бас директоры Роман Хан кепілдікпен босатылды. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
"Tengri Travel System" агенттігінің бас директоры Роман Хан осы жылдың қыркүйек айында Ішкі істер органына келді. 15 қыркүйек күні іске қатысты күдікті ретінде жауапқа тартылды. 17 қыркүйекте іс-әрекетіне байланысты "кепілдік" шарасымен босатылды" - деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тілдер және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев. Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы 18-ге жуық туристік агенттіктің өкілдері Tengri Travel Systemнің жетекшісіне қатысты туристік жолдамалар мен өзіне жүктелген істерді дұрыс атқармағаны үшін шара қолдануын сұрап, өтініш жіберген болатын. Өтінім бойынша келтірілген шығын есебі 27 млн теңгеден асады. ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 2-бөлімінің 190-бабы бойынша, 3-бөлімнің 1-тармағы және 4-бөлімнің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. "Қазіргі таңда барлық іс бір өндіріске бағытталды. Тергеу ісімен ІІМ-нің Тергеу департаменті айналысып жатыр. Роман Ханға аудиториялық тексеру мен сот-экономикалық сараптаманың болмауына байланысты іздестіру жарияланбаған. Тергеу ісі жіті бақылануда", - делінген ведомствада. Сондай-ақ, 3 маусым күні Tengri Travel System сатылымның болмауына байланысты компания қызметінің тоқтатылғаны хабарланды. Осыған байланысты инвестиция және даму министрлігі туристік операторлардың рұқсатымен істі анықтау штабын құрды. Кейінірек Қазақстанның туристік ассоциациясы компанияның отандық турист-клиенттерге келтірген шығынын есептеді. Келтірілген шығын көлемі 5 млн долларды құрады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024