Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Теңіз вахталық кентінде болған жаппай төбелестен кейін 40-тан астам адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы компанияның ресми баспасөз мәлімдемесінде айтылған.
Айта кетейік, Теңіз кен орнында қазақстандық жұмысшылар мен шетелдік компаниялардың қызметкерлері арасында жаппай төбелес жүріп жатқаны туралы ақпарат 29 маусым күні таңертең әлеуметтік желілерде – "Whatsapp" мессенджері арқылы таратылған бейнероликтерде пайда болды. Белгілі болғандай, төбелестің себебі - компанияның қызметкері - Ливия азаматының WhatsApp профилінде жарияланған фотосурет.
Осы оқиғадан кейін, "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) Теңіз кен орнында үшінші буын зауытын салу бойынша жұмыстарды уақытша тоқтату туралы жариялады.
Кейінірек Ливанның Қорғаныс министрі Элиас Бу Сааб қазақстандық әріптесі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Ливан Премьер-министрі Саад Харири төтенше көмек көрсету жөніндегі комитеттің Бас хатшысы генерал-майор Мұхаммед Хейрге Қазақстандағы жағдайды бақылауға алуды тапсырды. Хейрдің айтуынша, жалпы алғанда 17 араб, оның ішінде бір ливандық және алты Палестина азаматы зардап шекті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024