Теңізден экспортқа кететін 2 миллиард текше метр газ ішкі нарықта қалады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Теңіз кеніші акционерлеріне тапшылықты жабу үшін экспортқа жіберілуі тиіс 2 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Келесі жылдың басында ішкі нарықта газ тапшылығы болады деп болжануда. Газға ішкі сұранысты қамтамасыз ету оны экспорттауға қарағанда сөзсіз басымдыққа ие. Үкіметтен Теңіз кен орны акционерлерімен бірлесіп 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа қайта бағыттау мәселесін пысықтауды сұраймын», - деді Тоқаев экономиканы декарбонизациялау мәселесі бойынша шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.
Ол көмірді пайдалануды азайтуда газ саласы шешуші рөл атқаратынын, Қазақстанда газдандыру деңгейі 53 пайызға жеткенін баса айтты. Қазір 10 миллионға жуық азамат газға қол жеткізген.
«Ел ішінде газ тұтыну өте қарқынды өсуде. Бұл ең алдымен Алматы ЖЭО-2 мен 3-ЖЭО-ның газға көшірілуіне, газ-химиялық кешендердің және жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты», - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Тоқаевтың айтуынша, Үкімет Қашағанда қуаттылығы 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешуі қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024