Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla 2018 жылдың бірінші тоқсанында 785 млн доллар көлемінде шығынға ұшырады

Tesla 2018 жылдың бірінші тоқсанында 785 млн доллар көлемінде шығынға ұшырады
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Электрокөліктер шығаратын америкалық Tesla компаниясы 2018 жылдың бірінші тоқсанында қорытындысы бойынша 785 млн доллар көлемінде шығын ұшырады.  Recode порталының жазуынша, осымен Tesla алтыншы тоқсан қатарынан шығынға батып келеді. 2017 жылдың бірінші тоқсанында да компания 397 млн долларға, екінші тоқсанында 401 млн долларға, үшіншісінде 671 долларға, төртінші тоқсанында 771 млн доллар көлемінде шығын көрген. Ал компанияның жалпы қарызы 10 млрд долларға жетті. Сонымен қатар, Tesla сәуірдің соңында бағасы 35 мың долларды құрайтын 2,27 мың Model 3 электрокөлігін құрастырған. Ал Bloomberg басылымның болжамынша, егер компания жаңа инвестиция таппаса, 2018 жылдың соңына қарай Tesla-ның қаржысы қалмайды. Одан бөлек, Bloomberg-тің хабарлауынша, компания әр минут сайын 6,5 мың доллар жоғалтып жатыр екен.

Похожие материалы