Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla-ның иесі мобильді қосымшаның көмегімен ұрыларды ұстады

Tesla-ның иесі мобильді қосымшаның көмегімен ұрыларды ұстады

Австралиялық радиожүргізуші Аннабель Бретт электрокөлігін ұрлағандарды Tesla  мобильді қосымшасының көмегімен ұстап алған, деп жазды securitylab.ru.

Таңертең ол телефонына дабыл жүйесінің қосылғаны туралы хабарлама алған. Tesla-сын орнынан таппаған соң көліктің  мобильді қосымшасын ашып, көрші көшеде кетіп бара жатқанын анықтаған.  

Көлігінің ұрланғанын білген соң, артынан қуа жөнелген, сонымен қатар ұрыларды қосымшаның көмегімен әбден мазақтапты.

Tesla қосымшасында Valet Mode режимін іске қосып, көліктің жылдамдығын төмендетіп тастаған, көлік ішіндегі жарықты қосып-өшіру, терезелерді түсіріп-көтеруді, дабылды қосып қойған.

Көлік ұрылары психологиялық қысымды көтере алмай көлікті тастай қашқан. Алайда көп ұзамай полицияға ұсталған. Олар көлікте жүргізуші куәлігін түсіріп алыпты, сонымен қатар көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Одан бөлек электрокөлік ұрланғаннан кейін көлік ішіндегі көріністің бәрін видеоға түсіріп алған. Бұл дәлелден соң, ұрылардың жазасын алатыны анық.

Похожие материалы