Алматы. 25 қараша. 7kun.kz — Tesla-ның бас директоры Илон Маск компанияның өткен бейсенбіде таныстырылған жаңа Cybertruck электрлік пикабына 146 мың тапсырыс алғанын мәлімдеді.
Cybertruck электропикабының тұсаукесері 21 қарашада Лос-Анджелесте өтті. Көрерменге құны 39,9 мың доллардан басталатын трапеция түріндегі брондалған автокөлік көрсетілді.
Металл корпустың беріктігін көрсету үшін Илон Маск жаңа пикапты кувалдамен ұрды. Содан кейін ол Tesla компаниясының бас конструкторынан брондалған пикап терезелерінің біріне металл шар лақтыруды сұрады, нәтижесінде әйнектер жарылды, бірақ сынған жоқ.
"Біз гайка кілттерін лақтырдық, бәрін көрдік, тіпті әйнекке ас үй раковинасын лақтырдық, бірақ ол сынбады. Қандай да бір себеппен ол қазір жарылды", - деді Маск таныстырылымда.«Неге екенін білмеймін. Біз мұны түзетеміз", - деп уәде берді ол.
Электробиль бір зарядтағы жүріс қашықтығына байланысты үш нұсқада шығарылады — 250 миль (400 км), 300 миль (480 км) және 500 миль (800 км). Модельге байланысты автомобиль әртүрлі қозғалтқыштар санын алады - бірден үшке дейін. Өндіріс 2021 жылдың соңында басталуы мүмкін.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024