Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

The Banker Қазақстанның үздік банкін анықтады

The Banker Қазақстанның үздік банкін анықтады

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — 2018 жылдың 29 қарашасында Лондонда The Banker журналының әлемнің үздік банктеріне сыйлық беру рәсімі өтті.  ForteBank екінші жыл қатарынан "Қазақстандағы Жыл Банкі" номинациясында жеңіске жетті.

"Біз өз жетістіктерімізді жоғары бағалағаны үшін The Banker басылымына ризашылығымызды білдіреміз. Марапатты екі жыл қатарынан беру тиімді қызметті және дұрыс таңдалған стратегияны растайды. Күрделі нарықтық жағдайларда ForteBank бизнестің барлық салаларында табысқа жетті", — деді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Сарапшылар, ForteBank-тің нарықтық позициялардың күшеюі, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарының дамуы және клиенттеріне қызмет көрсетудің жоғары сапасын атап өтті.

Жыл сайын The Banker келесі критерийлерді басты назарға ала отырып, әлемнің 140-тан астам елінен ең үздік қаржы институттарын таңдайды: банктің серпінді өсу, инновациялық банк технологияларын әзірлеу және енгізу,  стратегиялық жобаларды іске асыру.

   

Похожие материалы