Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің есімін жариялады.
Әуе апатынан қаза тапты:
- майор Роман Костыгов, 1985 жылы туған,
- майор Тимур Құдайбердиев, 1985 жылы туған,
- лейтенант Аслан Айтбаев, 1994 жылы туған,
- майор Данияр Қоңырбай, 1985 жылы туған,
- майор Сабыр Тоқбаев, 1977 жылы туған,
- капитан Сырым Маселім, 1989 жылы туған,
- 3-сыныпты сержант Қайрат Нұрсапанов, 1973 жылы туған,
- аға сержант Мұрат Шәріпов, 1979 жылы туған,
- кіші сержант Асхат Абдулманат, 1982 жылы туған,
- ефрейтор Айдын Әбділдинов, 1978 жылы туған,
- ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, 1986 жылы туған,
- ефрейтор Өмірхан Қауқаев, 1990 жылы туған,
- ефрейтор Мирас Жұматаев, 1991 жылы туған.
Апатқа байланысты Бас әскери прокуратура «Ұшу ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу Бас прокуратураның бақылауында болады. Жәбірленушілердің отбасыларына моральдық және материалдық көмек көрсетіледі.
Еске сала кетейік, кеше Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ толығымен өртеніп, 13 адам қаза тапқан
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024