
Time журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімін Украина президенті Владимир Зеленский бастады.
Зеленскийге журналдың 3,3 миллионға жуық оқырманы дауыс берді, бұл жалпы дауыс санының 5%-ын құрайды. Екінші орынды 3,5% дауыспен Tesla бас директоры Илон Маск иеленді.
Үшінші орында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон (оқырман даусының 3,4%), төртінші орынды медицина қызметкерлері, бесінші орында АҚШ президенті Джо Байден тұр.