Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті болды

Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті болды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР ҰОК ақпаратына сәйкес, Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесінің президенті Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах және осы ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан бекіткен.

«Орталық Азия аймағы Олимпиада қозғалысын дамыту және халықаралық спорт жарыстарын өткізу бойынша ерекше қызығушылыққа ие. АОК еліміздің мүддесін қорғау мен үшін құрмет. Сондай-ақ, бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға сенім білдіруі. Осы арқылы біздің азиялық спорт ұйымдарымен ынтымақтастығымыздың нығаюына мүмкіндік аламыз", - деді Тимур Құлыбаев.

Азия Олимпиадалық Кеңесі – Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) мойындаған ұлттық олимпиада комитетерінің құрлықтық қауымдастығының бірі және Азия елдеріндегі 45 мемлекетті біріктіріп отырған Олимпиада қозғалыстарына жетекшілік ететін орган.

Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев – АИБА-ның Халықаралық әуесқой бокс Қауымдастығының вице-президенті, Ұлттық Олимпиада Комитеттері Қауымдастығының (ҰОКҚ) Халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссия мүшесі.

Похожие материалы