Алматы. 18 маусым. 7kun.kz – Маусымның аяғына дейін криптовалюта мәселесі экономикалық саясат жөніндегі кеңесте талқыланады
«Қазіргі кезде криптовалюталар мен блокчейн мәселесі кеңінен талқыланып келеді. Біз де осы мәселені зерделеуге кірістік. Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді. Біз xалықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеп, аталған жаңа теxнологияларды өз елімізде енгізуді қарастыруымыз қажет. Бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған Ұлттық банк, қаржы министрлігі мен "Астана" Халықаралық қаржы орталығы кіреді. Ашығын айту керек, әлемде нақты бір ұстаным жоқ. Біреулер криптовалютаны заңдастырса, енді біреулер мүлдем тыйым салды. Сондықтан әзірше нақты бір бағытқа түсу қиын», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Сонымен қатар, криптовалютаға қатысты нақты ұстаным болмаса да, блокчейнді кеңінен қолдану қажет екенін атап өтті.
«Блокчейнді нотариаттан бастап салық саласына дейін жан-жақты пайдалануға болады. Бұл - жаңа теxнология. Оны іске асыруымыз қажет. Ал, криптовалютамен қиындау болып тұр. Себебі кез келген валюта эмитенттің нақты жауапкершілігін көздейді. Оған ұлттық банк және басқа мекемелердің атауын жайдан-жай жазбайды. Криптовалютаның эмитентін анықтау қиын. Демек, жауапкершіліктің кімге артылатынын білмейсің. Бұдан бөлек, криптовалютаның эмиссиясына қатысты тағы бір проблема бар. Сондықтан мен өзім криптовалютадан бұрын блокчейнді қолдаймын. Дегенмен, біз осы саладағы жұмысты жалғастырамыз. Осы айдың аяғына дейін Үкімет басшысы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің отырысында аталған мәселелердің бәрін қарастыратын боламыз», - деді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024