Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мұнайдың алдағы 5 жылдағы бағасына болжам жасады. Бұл туралы ол үкімет отырысында айтты.
«2017 жылдың алғашқы 7 айында мұнай бағасы барреліне 51,7 АҚШ долларды құрады. Ал 2016 жылы 44 доллар болған. 2017 жылға арналған консенсус-болжамға сәйкес мұнай бағасы 53,5 доллар, 2018 жылы 55,3 доллар болып, одан ары орта мерзімді келешекте біртіндеп өседі деп болжанып отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, ішкі және сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының үш мүмкіндікті сценарийі әзірленген.
«Оптимистік сценарий 2018-2022 жылдары мұнайдың баррелі 55 АҚШ долларына дейін өседі деп болжайды. Ал пессимистік сценарий бойынша мұнай бағасы 35 АҚШ долларына дейін құлдырайды. 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2018-2020 жылдарға арналған бюджетітк параметрлерді қалыптастыру негізіне мұнайдың консервативтік бағасы 45 АҚШ доллары болған кездегі базалық сценарий алынды», - деді Сүлейменов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024