Ресейлік онлайн банк наурыздың соңында HeadHunter сайтына қазақстандағы бос жұмыс орындары туралы хабарландыру орналастырған.
Компания кадр бөлімінің басшысын, жүйелік аналитикті, BI-мен жұмыс талдаушысын, DWH жүйесінің талдаушысын, NET және Frontend әзірлеушілерін, ML және QA инженерлерін және Python әзірлеушісін жұмысқа алмақшы.
Бос жұмыс орындарының сипаттамасында Алматыда «Тинькофф дамыту орталығы» ашылатыны айтылған.
«Тинькофф дамыту орталығы» – «Тинькофф» компаниялар тобының жобасы. Ондағы қызметкерлердің міндеті платформа мен Tinkoff.ru үшін өнімдер жасау және сыртқы нарыққа арналған жобалармен жұмыс істеу.
Айта кетейік, Тинькофф – белсенді клиенттердің саны бойынша Ресейдегі үшінші ірі банк.