Ресейлік миллиардер Олег Тиньков Лондонда сот тыңдауына қатысып жатыр. Оған АҚШ салық төлмеді деген айып таққан. Лондон соты миллиардерді АҚШ-қа берсе түрмеге қамалуы мүмкін.
Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарған, кейін бизнесмен 20 млн фунт стерлинг кепілге қойып босап шыққан. Ол келесі сот отырысына дейін электронды бақылауда болады. Оған19.00-7.00 аралығында Лондонның Кенсингтон ауданында орналасқан пәтерде болу, төлқұжатын тапсыру, полицияға аптасына үш рет белгілену керек.
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша АҚШ-тың салық органдарының Тиньковты іздеуіне себеп- ол АҚШ азаматтығынан бас тартқан кезде салық төлемеген. Айта кетейік, Тиньков 2013 жылға дейін АҚШ азаматы болған.
Тиньковтың иелігіндегі TCS Group Holding бизнесменге қатысты сот ісінің өтіп жатқанын растады. Компанияның хабарлауынша милилардер сотқа жеке тұлға ретінде қатысып жатыр, оның иелігіндегі компаниялардың қызметіне қатысы жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024