Өткен 9 айда банктер, сақтандыру ұйымдары, коллекторлық агенттіктерге мен микроқаржы ұйымдарына қатысты шамамен 253 ұсыным жасалып, 5 жазбаша ұйғарым беріліп және жалпы сомасы 76,1 млн теңгеге 163 әкімшілік жаза қолданылды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шаралар қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына мониторинг пен талдау барысында анықталған. Атап айтқанда, банктер клиенттерге кейбір ақпараттарды хабарламау, «Call Center» операторларының дұрыс емес кеңес беруі, соттың заңды күшіне енген шешімі болған кезде қарыз алушының банктік қарыз шарты бойынша берешегін коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға беру және реттеуге сондай-ақ басқа да жайттарғақатысты болды. 9 айда банктерге қатысты әкімшілік жазалаудың жалпы сомасы 36,7 млн теңгені құрады.
Ал сақтандыру нарығы ойыншыларына 919,1 мың теңге айыппұл салынған. Бұған себеп - сақтандыру ұйымдары әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмау және мемлекеттік бақылау және қадағалау органына дәйекті ақпарат бермеген.
Микрокредиттік ұйымдарға қатысты 175 жазбаша ұйғарым түріндегі ықпал ету шарасы белгіленіп, 91 әкімшілік жаза қолданылған. Оларға қатысты әкімшілік жазалар бойынша 37,9 млн теңге айыппұл салынды. МКҰ негізінен микрокредит беру туралы шарттарда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеген немесе дұрыс көрсетпеген және шекті мөлшерінен асып кеткен, кредит тарихын бюроға уақытында ұсынбаған.
Коллекторлық агенттіктерге қатысты 6 жазбаша ұйғарым түріндегі ықпал ету шарасы, 2 әкімшілік жаза қолданылып, 530,2 мың теңге айыппұл салынды.
Коллекторлық агенттіктер шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттемелерді орындамай, коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларының сақталмауына жол берген.
Айта кетейік, Қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке және аумақтық өкілдіктеріне шағым түсіре алады. Жедел желі: +7 (727) 237 1000
Сондай-ақ банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк және жеке тұлға қарыз алушы арасында ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын банк омбудсманына өтініш жасауға болады. +7 (727) 2612 216, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024