Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2014 жылы әлемде көмірқышқыл газының көлемі өскен жоқ

2014 жылы әлемде көмірқышқыл газының көлемі өскен жоқ

2014 жылы әлемдік атмосфераға шығарылған көмірқышқыл газы 2013 жылмен салыстырғандағы мөлшерден асқан жоқ. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық  агенттік (ХЭА) жариялады.

Аталған факт климаттың өзгеруіне байланысты қолға алынған шаралардың тиімді екендігін білдіреді деп жазады The Wall Street Journal. "Бұл, шынымен, тосын сый болды. Осыған дейін мұндай болмаған", - деп мәлімдеді ХЭА-ның бас экономисті Фатих Бироль.

Өткен жылы әлемдік экономика 3%-ға өсті, бірақ көмірқышқыл газының шығарылуы 32,3 млрд тонна көлемінде қалды. ХЭА-ның мәліметінше, көрсеткіштің өзгермеуіне Қытайдағы газ көлемінің азаюы себеп болды. Қытай энергетикадағы көмір өндіруін қысқартты, ел үкіметі гидроэнергетика, жел энергетикасына және күн энергиясын пайдалануға көңіл бөліп жатыр.

Түрлі мемлекеттердің экономикалық көтерілу екпіні мен көмірқышқыл газының шығарылуы арасындағы байланысты үзуге тырысып жатқан саясаттары да улы газ көлемінің азаюына себеп болып жатыр. Соңғы  5 жыл ішінде экономикалық серіктестік және даму ұйымындағы елдердің экономикалық өсуі 7%-ға көбейсе, олардың шығыны 4%-ға азайған. Дамыған елдер баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істейтін электрстанцияларын енгізіп, энерготасымалдаушыларды пайдалануда барынша қатаң стандарттар енгізіп жатыр.

"Осы жылдың желтоқсанында климаттың өзгеруіне байланысты  жаһандық келісім орнату жөніндегі кездесу Парихже өтіп, мемлекеттер тарапынан жаңа шаралар қолға алынуы керек. Бұлай болмаған күнде көмірқышқыл газы көлемінің азаюы уақытша құбылыс ретінде орын алуы мүмкін", -дейді Ф.Бироль.

Енді дамып келе жатқан елдердегі шараларға баса көңіл бөлген маңызды. 1,2 млрд адам тұратын Үндістан  электрмен толық қамтамасыз етілмеген. Осындай мемлекеттер көмір электростанцияларынның құрылысын салуды жоспарлап отыр, яғни алдағы он жылдықта улы газ көлемі де көбейе түспек.

Похожие материалы