Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың І тоқсанында ТМД елдері темір жолдарымен 495 млн тонна жүк тасымалданды, ал бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға көп, - деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Өткен жылы 2 млрд 32 миллион тоннадан астам жүк тасымалданған. Аталған көрсеткіш 2017 жылғыдан 1,5% артық. Жүкайналымы 4% өсті.
ТМД елдері арасында жүктерді тасымалдау бойынша алған міндеттемелерін асыра орындаған теміржол әкімшіліктерінің қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (+0,6%) да бар.
Бұл ретте Достастық елдер кеңістігінде контейнерлік тасымалдар жедел қарқынмен өсуде: 2018 жылы – 12,8%, 2019 жылдың І тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда – 15,5%.
2018 жылы ТМД темір жолдарымен халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалы 18,6 млн адамға жетсе, бұл 2017 жылғыдан 0,7% артық.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024