Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қарашада ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемінің артуы байқалды, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
ТМД Статкомитетінің деректері бойынша, Достастық елдерінде 2018 жылғы қаңтар-қарашада 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,1% артты (2017 жылғы қаңтар-қарашада – 2,9%).
ТМД елдерінде тұтыну бағалары 2018 жылғы қарашада 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,2% артты (2017 жылғы қарашада 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 5,5%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 15% артты (2017 жылғы қарашада 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 8,5%).
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024