
Қостанай. 30 желтоқсан. 7kun.kz — 29 желтоқсанда қостанайлық «Тобыл» футбол клубы бағаны төмендету бойынша жүргізілген электронды сауда арқылы сатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық қаржы басқармасына сілтеме жасап.
Жекешелендіру және жекешелендіруді бақылау бөлімінің басшысы Любовь Казоринаның айтуынша, бастапқы құны 95 миллион 915 мың теңге болған «Тобыл» ФК мемлекеттік үлесі 23 миллион 978 мың теңгеге сатылды.
Сатып алушы табылмағандықтан алғашқы саудалар сәтсіз аяқталды. Жаңа сатып алушының аты-жөні әзірге хабарланбады. Оның Қазақстан резиденті екені ғана белгілі.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025