Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Қазақстандықтар жыл басынан бері төлем картасынан 8,6 триллион теңге шешіп алған, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Мамандардың сөзіне қарағанда 1 жылда төлем карталарынан шешілген қаражат 26,4%-ға көбейген. Олардың 99,9%-ы карталардың халықаралық жүйесі арқылы жүргізілген.
Қаражаттың 95,3%-ы Visa және MasterCard төлем карталарымен қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Соңғы екі жылда карта нарығында MasterCard көш бастап тұр. MasterCard арқылы шешілген қаражат бір жылда 70,7%-ға өсіп, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 2,7 триллион теңгеге жеткен. Былтыр бұл көрсеткіш 66,5% болған еді.
Visa жүйесі нарықта сенімді көшбасшы болуына қарамастан (халықаралық жүйелер картасынан қолма — қол ақшаға түскен қаражаттың 63,7% - ы), жылдық өсім мұнда бар болғаны 17,7% - ды (бір жыл бұрын-11,5%) құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024