Алматы. 16 қараша. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жол-көлік жүйесінің тиімділігін арттыру қала экологиясын айтарлықтай жақсартады деп есептейді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қоршаған орта азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына тікелей әсер етеді. Сондықтан экология мәселесі үнемі менің назарымда. Алматылықтарды ауаның жоғары ластануы қатты алаңдатып отырғанын білемін. Бұл мәселе азаматтар үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналды және тез арада шешуді талап етеді», – деді президент.
Оның айтуынша, атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының жылдық көлемі шамамен 125 мың тоннаны құрайды. Негізгі себепкерлер – автокөліктер (55%), қалалық жылу электр станциялары және өнеркәсіптік кәсіпорындар (35%), сондай-ақ газдандырылмаған жеке тұрғын үйлер (шамамен 10%).
«Қалаға таза ауаның келуіне кедергі келтіретін тығыз ғимараттар жағдайды қиындатып отыр. Жол-көлік жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы біз қала экологиясын айтарлықтай жақсарта аламыз. Жаңа технологиялар мен ақылды трафиктің арқасында азаматтардың ұтқырлығы қоршаған ортаға кері әсер етпейді», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент әкімдік қалада, ең алдымен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын қатаң қадағалауы керектігін атап өтті.
«ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға ауыстыру зиянды шығарындылар деңгейін он еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді», – деді ол.
Мемлекет басшысы жеке тұрғын үй секторын толығымен газдандыру қажеттігін де атап өтті.
«Қала билігі бұл бағытта біршама белсенді жұмыс істеуде, газбен жылытуға қосылмаған мыңға жуық үй қалды. Сондай-ақ қала маңындағы елді мекендерді газдандыру мәселесін шешуді ойластыру керек», – деді президент.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024