Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Асқар Ақаев пен оның жұбайын қабылдады

Тоқаев Асқар Ақаев пен оның жұбайын қабылдады

Нұр-Сұлтан. 24 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Акаеваны қабылдады, деп хабарлайды 24KG.

«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Нұр-Сұлтанда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен оның жұбайы Майрам Ақаеваны қабылдады. Тараптар ғылым, білім беру, цифрлық экономика және адами ресурстардың даму үрдістері, сондай-ақ климаттың өзгеруі және әлемде болып жатқан оқиғалар мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақаев 19 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ежелгі дәуірдегі демографиялық динамика және адамзаттың болашағы» тақырыбында дәріс оқыды.

Похожие материалы