Тоқаев байланыс операторларының жауапкершілігін қатаңдату туралы Заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан. 11 шілде. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген мәтінде.
Заң жобасы президенттің байланыс қызметтері саласында тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасының негізгі мақсаттары телефон, ұялы байланыс және интернет қызметтерін көрсету қағидаларын бұзғаны үшін байланыс операторларына қатысты әкімшілік жауапкершіліктің көзделуі; байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасын арттыру, интернет сапасының белгіленген талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл көлемін арттыру қарастырылады.