Жезқазған. 16 маусым. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев республика атауын өзгерту жауапсыз қадам, деп есептейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жалпыұлттық құрылтайдың бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы елдің атын өзгертіп, «стан» жалғауынан арылуды ұсынатындарға жауап берді. Тоқаев республика атауының өзгертілмейтінін ашық айтты.
«Біз екінші республика құруды бастадық. Алайда кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауын өзгерту керек еді дейді. Олар Қазақстан атауындағы «стан» бөлшегін елімізге және бүкіл Азияға жат деп есептейді. Бірақ ол олай емес, өйткені әлемде Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және Орталық Азия елдері бар», – деді Тоқаев.
Ол 30 жыл ішінде Қазақстан тәуелсіз ел атынан көптеген халықаралық шарттарға қол қойғанын атап өтті.
«Біз мемлекеттік шекарамызды белгіледік. Мұндай жағдайда мемлекеттің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Біріншіден, бұл біздің ұлттық қауіпсіздігіміз бен халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсер етеді», – деді Тоқаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024