Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев елге мықты президент керек екенін айтты

Тоқаев елге мықты президент керек екенін айтты

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңестің бірінші отырысында елдегі саяси жүйе қандай қағидат бойынша құрылатынын айтты.

«Менің билік формулам – бұл күшті өкілетті президент, ықпалды, қабілетті парламент және халық алдында есеп беретін үкімет», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қалуы керек деген сенім білдірді. Алайда парламент саяси жүйеде өзінің лайықты орнын алуы керек.

«Мәселе тек сайлау заңнамасын жетілдіруде ғана емес, сонымен бірге парламент қолданыстағы заңнама аясында ең маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауда маңызды рөл атқара алатындығында. Саяси бәсекелестікке серпін беріп, азаматтардың елдің саяси өміріне нақты қатысуын кеңейтіп, көппартиялы жүйенің дамуына ықпал ететін кез келді», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Похожие материалы