Алматы. 10 маусым. 7kun.kz — ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала деректері жарияланды. Оған сәйкес Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың 70,13% дауысын жинады. Еxit poll нәтижесінен кейін Қ. Тоқаев алғаш рет мәлімдеме жасады.
"Мен сайлауалды науқан өркениетті сипатқа ие болғаныма қуаныштымын. Іс жүзінде бұл сайлауалды бағдарламалардың бәсекелестігі болды. Бұл біздің Қазақстандағы саяси мәдениет деңгейі айтарлықтай өскенін көрсетеді. Алда бізде үлкен жұмыс бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне, партияның белсенділері мен жақтаушыларына электоралды кезеңде атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, өткізілген науқанның ауқымдылығы мен технологиялылығын атап өтті.
"Сіздер елдегі жағдай бүкіл әлемдегі жағдай сияқты өзгергенін байқадыңыздар. Біз халықаралық турбуленттік процестердің әсер ету объектісіне айналдық. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі бола отырып, одан тыс жерлерде не болып жатқанын сезінеді. Біз Қазақстанның болашағына жұмыс істеу үшін бірге болуымыз керек. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге танымал қуатты көп ұлтты мемлекет құрды. Біздің міндетіміз-барлық жетістіктерді сақтап қалу және прогресс пен жасампаздық жолымен алға жылжу", - деп атап өтті Тоқаев.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті сайлауының ресми қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы заңнамада белгіленген мерзімде жариялайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024