Астана. 25 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада Ресейге және Францияға ресми сапармен барады. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады.
«Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 29-30 қараша күндері Мемлекет басшысы Францияға ресми сапармен барады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024